Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Максим Мусоров топтық кезеңнің қорытындысы бойынша 2020 жылғы әлем чемпионатындағы үздік үш сұрмергенінің қатарына енді, деп хабарлайды Prosports.kz.

18 жастағы шабуылшы төрт ойында төрт гол соқты. Екінші орынды онымен: словак Роберт Юган, американдықтар Артур Калиев және Шейн Пинто, Фин Патрик Пуйстола және чех Либор Забрански бөлісіп тұр. Бұл көрсеткіштің көшбасшысы 6 голмен шведтік Самуэль Фагемо болды.

Естеріңізге сала кетейік, ертең Қазақстан құрамасы элиталық дивизионда қалу үшін Германиямен екі ойын өткізеді.

Қазақстан жастар құрамасының қарсыласы белгілі болды