Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат «Қайрат» жанкүйерлерімен қоштасып, клубқа алғысын білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz алматылық команданың сайтына сілтеме жасап.

- Мен жанкүйерлерге бізді үнемі қолдағаны үшін алғыс білдіремін. Әр қазақстандық футболшы «Қайратта» ойнауды армандайды. Мен бес жыл «сары-қаралардың» отбасында болдым. Осы уақыт ішінде көптеген есте қаларлық жеңістер болды. Мен оларға қосқан үлесім үшін қуаныштымын.

- Неге сіз басқа клубқа ауысуға шешім қабылдадыңыз?

Маған жаңа сынақ қажет болды». Мен өзімді жаңа чемпионатта сынап көргім келеді. Өзіңді тексеру. Біз Қайрат Советайұлымен сөйлестік, ол менің шешімімді мақұлдады. Оның қолдауын сезінуім маңызды еді.

- Біздің клубтан қандай оймен кетіп барасыз?

- «Қайратқа» мен осы клубта футболшы ретінде өскенім және Қазақстан ұлттық құрамасының негізгі ойыншысы болғандығым үшін ризамын. Алматы қаласы да «Қайрат» сияқты менің туған мекеніме айналды. Клубтың барлық қызметкерлеріне, біздің бүкіл үлкен отбасымызға алғыс айтамын! Агрономдар, күзетшілер, академияның барлық қызметкерлері, баспасөз қызметі, аспазшылар, тазалаушылар, жүргізушілер мен әкімшілер. Мен бәріне ризамын! Қайрат әрқашан менің жүрегімде!

Еске сала кетелік, Исламбек Қуат алматылық клуб сапынан кеткенімен, әлі басқа командаға ауысқан жоқ.