Екінші жеңіл салмақтағы жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Станислав Калицкидің рингке оралатын күні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

BoxRec порталының хабарлауынша, отандасымыз 24 қаңтарда Ресейдің Екатеринбург қаласында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы 22 жастағы венесуэлалық Ронал Рон болмақ. Оның 11 жеңісі және 3 жеңілісі бар.

Ал қазақстандық боксшы 9 жекпе-жектің бәрінде жеңіске жетіп, 3-еуі нокаутпен аяқтаған.