Bellator 237 турнирінің басты кездесуінде аралас жекпе-жектің екі ардагерлері Федор Емельяненко мен Куинтон Джексон кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz

Жекпе-дек бастала салысымен ресейлік спортшы басымдылық таныта бастады. Бірінші раундтың үш минуты да өтпей жатып Емельяненко қарсыласының басына ауыр соққы жасады. Американдық Куинтон Джексон ес-түссіз жерге құлады. Төреші бірден жекпе-жекті тоқтатты.

Осылайша 1 раундтың ортасында Федор Емельяненко қарсыласын нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті. Бұл Емельяненконың аралас жекпе-жектегі 39 жеңісі. Ал Куинтон Джексон спорттағы мансабында 14-ші рет жеңіліс тауып отыр.