Ағылышындық "Вест Хэм" футбол клубы Мануэль Пеллегрини бас бапкер қызметінен босталығаны туралы өздерінің ресми сайттарында мәлімдеді.

Аргентиналық жаттықтырушы лондондық команданы 2018 жылдың мамырынан бері жаттықтырған болатын. Өткен маусымда "Вест Хэм" 10 орында тұрақтаған.

"Вест Хэм" соңғы кездесуінде АПЛ аясында "Лестер" футбол клубымен кездесіп, 2:1 есебімен есе жіберген. Соңғы 5 кездесуде тек бір рет қана жеңіс дәмін көрген. Пеллегрини "Вест Хэм" футбол клубын жаттықтыру кезінде 63 кездесу өткізіп 24 рет жеңіс тойын тойлап, 11 рет тең тарқасқан және 28 рет жеңілген.