«Ростов» сапындағы қазақстандық футболшы Бахтияр Зайнутдинов қараша-желтоқсан айларындағы клубтың үздік футболшыларын анықтау кезінде екінші орынға ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Хорен Байрамян - үздік футболшы атағын жеңіп алды. Бұл таңдауды жанкүйерлер клубтың ресми сайтында жасады. Оған жанкүйерлердің 34 пайызы дауыс берді.

Екінші орынды Бахтиер Зайнутдинов (19%) иеленді, Маттиас Норманн (14%) үздік үштікті қорытындылады.

Еске салайық, 8 желтоқсанда «Спартакқа» қарсы ойында (4:1), Зайнутдинов дубль жасады. РПЛ клубтары қысқы демалысқа шықты. Зайнутдиновтың командасы бірінші айналымды үшінші орынмен аяқтады.