Шабуылшы Златан Ибрагимович Миланға оралды, деп хабарлайды Prosports.kz Россонери ресми сайтына сілтеме жасап.

Келісімшарт бір жылға жасалып отыр, сондай-ақ ағы бір жылға ұзартылуы мүмкін

Италиялық БАҚ-тың хабарлауынша, 38 жастағы швециялық футболшы осы маусымда 3 миллион еуро алады, ал егер келісімшарт ұзартылса, келесі маусымда тағы 4,5-тен 6 миллионға дейін (бонуспен қоса) алады.

Еске салсақ, Ибрагимович «Милан» сапында 2010-2012 жылдары ойнаған.