«Барыс» хоккей клубының бас бапкері Андрей Скабелка КХЛ тұрақты маусымы аясында Мәскеудің «Динамо» (3:4) командасымен болған матчтың нәтижесі туралы түсінік берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Біз матчта жақсы ойнадық. «Динамоны» жеңісімен құттықтаймыз. Қазір әр ұпай алтынмен тең, оның үстіне ойындар кесетсі тым тығыз болдып тұр. Басқа айтарым жоқ.

Біз қарап қалмадық. Өз ойынымызды ойнадық. Жақсы ойын болды. Матчтың барлық кезеңі жақсы өтті. Хоккейшілер маған екінші кезеңнен бастап, ойнай бастағандарын айтты, себебі 0:2 есебімен ұтылып жаттық. Алайда бірінші кезеңде жаман ойнадық па? 60 минут бойы біркелкі ойнадық деп ойлаймын. Матчтағы есеп... Есеп әрдайым ойынның мазмұнымен сәйкес келе бермейді, - деді Скабелка.