Оңтүстік шаһарда биатлоннан із кесу бойынша ел чемпионаты мәреге жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әйелдер арасында Қазақстан құрамасының көшбасшысы Галина Вишневская алтын медальға ие болды. Елизавета Бельченко екінші орынға ие болды. Айта кетелік, Галина мен Елизавета - ШҚО спортшылары. Ал қарағандылық Людмила Ахатова қола жүлдені қанжығасына байлады.

Ерлер арасындағы із кесу жарысында Ақмола облысының өкілі Александр Мухин жеңімпаз атанса, ШҚО биатлоншысы Владислав Витенко екінші, павлодарлық Антон Пантов үшінші орындардан көрінді.