Қазақстандық боксшы Әлішер Аман кәсіпқой боксқа аяқ басты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аман KFPB - Asia Promotions промоутерлік компаниясы сапында бақ сынайтын болады.

Әлішер Аман 2011 жылғы жастар арасындағы Қазақстан чемпионы, 2010 жылғы Еуразиялық ойындардың чемпионы және 2011 жылғы Бранденбург кубогының жеңімпазы. Сонымен қатар ол 2010 жылы жастар арасында Қазақстан чемпионатының финалында өнер көрсетті.