26 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында Чехияда хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионаты өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Қазақстан жастар құрамасы (U-20) А тобында Швейцария, Словакия, Финляндия және Швеция құрмаларына қарсы ойнайтын болады.

Біздің хоккейшілер жарыс жолын Швейцариядан келген құрдастарына қарсы ойынмен бастайды. Қазақстан құрамасының бүгінгі қарсыласы осал емес. Олар алдыңғы әлем чемпионатында жартылай финалға дейін жеткен.

Қазақстан - Швейцария ойыны Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады. Кездесуді Qazsport телеарнасының сайтында және СІЛТЕМЕ арқылы тікелй эфирде көруге болады.