UFC-дің бұрынғы чемпионы ирландиялық файтер Конор МакГрегор мен оның әйелі Ди Девлин қайырымдылық жасады, деп жазады Prosports.kz.

Шетелдік ақпарат құралдарының хабарлауынша, спортшы Inner City Helping Homeless ұйымына Дублиндегі панасыздарға балалар ойыншықтарын алуға 25 мың еуро көлемінде көмек көрсетті.

- Көптеген балаларға Рождествоны қуанышпен қарсы алуға мүмкіндік беретін бұл көмекті жоғары бағалаймыз, - деп жазды аталған ұйым Instagram желісінде.