«Реал Мадрид» жалға берген ойыншысы Мартин Эдегорды жазда қайтарып алуды жоспарлап отыр.

Қазір жартылай қорғаушы «Реал Сосьедад» командасында доп теуіп жүр. Келісімшарт бойынша Мартин Эдегор екі жыл осы командада ойнау қажет.

Алайда мадридтік ұжым жазда жас ойыншыны қайтаруды қарастырып жатыр.