«Ордабасы» футбол клубы Еурокубоктар құрамынан шеттетілуіне қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz шымкенттік клубтың сайтына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, УЕФА ұйымы клубтың қарызданып қалуына байланысты оны еурокубоктарға қатысудан шеттеткен болатын. Алайда, «Ордабасыдағылардың» айтуынша, барлық несиелер өтелген.

«Дәл қазіргі кезде «Ордабасы» футбол клубы барлық қарыздарды 2019 жылдың 30 қыркүйегінен бастап төледі және УЕФА талаптарына сәйкес Сертификатқа үміткер ретінде лицензиялау рәсімінен өтіп жатыр.

Осыған байланысты, «Ордабасы» футбол клубына еурокубоктық ойындарға қатыса алмай қаупі жоқ», - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.