УЕФА «Ордабасыны» 2020/21 және 2021/22 жылғы маусымдарда еурокубоктардан шеттетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Шымкенттік клуб қаржылық fair play (FFP) ережесін бұзған. «Ордабасы» кредиттік қарыздарын 2020 жылдың 31 қаңтарына дейін төлеуі тиіс. Сондай-ақ клубқа 100 мың еуро көлемінде айыппұл салынған.

Егер клуб қарызы мен айыппұлын төлесе, еурокубоктарға қатыса алады.