Қазақстан ұлттық құрамасы Талғарда өткізетін оқу жаттығу жиындары кезінде "Арменияға қарсы жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz, ҚФФ-на сілтеме көрсете отырып.

Оқу жаттығу жиындары 23-30 наурыз аралағында өтеді. 27 және 30 наурыз күндеріне екі жолдастық кездесу белгіленген. Екінші қарсыласымыз әзірге белгісіз.

Арменияға қарсы кездесу 30 наурыз күні Алматы қаласында өткізіледі. Армениялықтар ФИФА рейтингінде 102 орынға жайғасса, біздің құрамамыз 118 орында тұр.