Беларусь маманы Александр Седнев Бресттің «Рух» командасының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бапкермен келісімшарт 1+2 жүйесінде жасалды. Сондай-ақ, бапкерлер алқасына Андрей Челмодеев, Александр Демешко және Андрей Цеван сынды мамандар қосылды.

Седневтің соңғы жұмыс орны қазақстандық «Ақтөбе» клуб болды. Ауыр қаржылық қиындықтарға тап болған және чемпионатты кем ұпаймен бастаған ақтөбелік команда төменгі лигаға ұшып кетті.