Құрлықтық хоккей лигасының үздік хоккейшілерін анықтайтын комиссия мүшелері 14-ші аптаның үздіктерін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz КХЛ-дың ресми сайтын сілтеме жасай отырып.

"Барыс" ойыншысы Корбэн Найт өткен аптада 6 ұпай (3+3) жинап, ҚХЛ-дың үздік шабуылшысы атанды.

Өткен аптада елордалық ұжым сырт алаңда 3 кездесу өткізіп, 2 рет жеңіске жетті. Корбэн Найттың "Торпедоға" соққан голы кездесу тағдырын шешкен болатын.

Корбэн Найт "Барыс" хоккей клубының сапына 2019 жылы қосылған. Биылғы маусым барысында 38 кездесуге қатысып, 25 ұпай(12+13) жинаған.