21 желтоқсанда Ресейдің Краснодар қаласында ГЛАДИАТОР V атты бокс кеші өтті, деп хабарлайды Prosports.kz SKV BOXING NEWS-ке сілтеме жасап.

Жекпе-жектің бірінде қазақстандық боксшы Ержан Ордабаев та рингке көтерілді. Атыраудың тумасы 59 кг салмақ дәрежесінде Санкт-Петербург боксшысы Александр Салтыковқа қарсы шығып, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Айта кетелік, бұл Ордабаевтың кәсіпқой рингтегі екінші жеңісі.