Бүгін, 22 желтоқсанда «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы кезекті матчын Мәскеуде өткізді, деп жазады Prosports.kz.

Елордалық команданың бүгінгі қарсыласы мәскеулік «Спартак» командасы болатын.

Матч 3:1 есебімен «Спартак» пайдасына аяқталды. Елордалықтар сапынан Аркадий Щестаков мергендігімен көзге түсті.

Андрей Скабелка қатарынан бесінші матчта жеңіс тойын тойлай алмады.

25 желтоқсанда «Барыс» өз мұз айдынында петерборлық СКА командасын қабылдайды.

«Спартак» (Мәскеу, Ресей) — «Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) 3:1 (1:0, 1:1, 1:0)Шайбы соққандар:

1:0 — 08:08 Зубов (Цыплаков)2:0 — 24:35 Фёдоров (Рылов)2:1 — 26:52 Шестаков

3:1 - 59:46 ХохлачевҚақпашылар: Гудачек — Паскуале

22 желтоқсан. МСК «ЦСКА Арена» (Мәскеу) 11073 көрермен

«Спартакпен» матч барысында «Барыс» қорғаушысы жарақат алып қалды