Архангельск қаласында (Ресей) допты хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионаты аясында үшінші орын үшін матч өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

21 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы Финляндиядан 6:0 (3:0) есебімен ұтылды. Осылайша, Қазақстан турнирде 4-орын алды.

21 жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты

Финляндия U-21 - Қазақстан U-21 6:0 (3:0)

Голдар: Хямяляйнен (пен.) 28, Хямяляйнен 40, Лоикканен (Хямяляйнен) 44, Хилтунен (Хянниенен, бұр.) 55, Хямяляйнен (Яссямяки Тату) 72, Ског (Хювенен) 81

22 желтоқсан. Архангельск, «Труд» стадионы.

Бүгін финалда Ресей құрамасы мен Швециямен кездесетін болады.