Бүгін құрлықтық хоккей лигасы аясында мәскеулік "Спартак" өз алаңында елордалық "Барыс" хоккей клубын қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аталған кездесуге Скабелка шәкірттері қатарынан төрт жеңіспен келіп отыр. Ал мәскеуліктер соңғы екі кездесуінде өз алаңдарында "Витязь" және "Сочи" командаларынан басым болған.

Қазіргі кезде "Барыс" хоккей клубы Шығыс конференциясында үшінші орында келеді. "Спартак" Батыс конференциясында алтыншы сатыға жайғасқан.

"Спартак" - "Барыс" арасындағы кездесуі Нұр-Сүлтан уақыты бойынша 20:00 басталады. Ойынды тікелей эфирде QazSport және KHL.TV. телеарналарынан көре аласыздар.