Украиналық "Днепр-1" футбол клубы оқу жаттығу жиындарының кестесін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz , ua.tribuna.com. сайтына сілтеме көрсете отырып.

Украиналық ұжым Түркияда екі оқу жаттығу жиындарын өткізеді. 21 қаңтар мен 2 ақпан аралығында және 6-19 ақпан аралығында.

Әр оқу жаттығу жиындарында 4 жолдастық кездесу өткізіледі деп жоспарланып отыр. Сондай кездесулердің бірінде 9 ақпан күні қостанайлық "Тобыл" футбол клубына қарсы ойнайды. Ал 15 ақпан күні алматылық "Қайратпен" ойнау үшін келіссөздер жүргізілуде.

Фото: "Тобыл" ФК