Катарда клубтар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Әлемнің үздік жеті футбол клубы қатысқан додада “Ливерпуль” футбол клубы үздік атанды.

Финалдық кездесуде Клопптың шәкірттері бразилиялық “Фламенго” командасына қарсы өнер көрсетті. Кездесудің негізгі уақытында жанкүйерлер гол көре алмады. Ал қосымша уақытта Роберто Фирминоның соққан жалғыз голы ағылшындық клубқа жеңіс сыйлады.

Бұл “Ливерпульдің” клубтар арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы кубогы.2005 жылы осы турнирде финалдық кездесуде есе жіберген болатын.