Даңқты футболшы Тимур Санжарұлы Сегізбаев туралы деректі фильмінің эфирге қашан шығатыны белгілі болды.

«Аңыз 10. Сегізбаев» деректі фильмі «Хабар» телеарнасының эфирінде 21 желтоқсан сағат 17:20-да, ал Хабар24 арнасында 22:00-де көрсетіледі.

Деректі фильм әйгілі кеңестік, қазақстандық футболшы, «Қайрат» командасының ойыншысы, КСРО спорт шебері, Қазақ КСР-нің және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы - Тимур Санжарұлы Сегізбаевтың өмір жолы мен спорттық мансабы туралы баяндайды.

Тимур Сегізбаев клуб үшін 200-ден астам матч өткізген. Ол 29 жасында ойыншы ретіндегі мансабын аяқтағаннан кейін, Сегізбаев жаттықтырушы болып жұмыс істей бастады. «Автомобилист», «Шахтер», «Қайрат», «НДРЙ» и «Мелиоратор» секілді командалардың тізгінін ұстаған.