Данияр Елеусінов Instagram желісіндегі парақшасында өзінің командасына алғысын білдірді, деп жазады Prosports.kz.

Еске сала кетелік, бүгін, 21 желтоқсанда қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (9-0, 4 КО) АҚШ-тың Финикс қаласында америкалық Алан Санчесті бесінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

«Аллаға мың да бір шүкір. Менің командама үлкен рахмет! Алда үлкен жеңістер күтіп тұр иншаАллах»