Бүгін, 21 желтоқсанда Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

АҚШ-тың Финикс қаласында өткен бокс кешінде «Қазақ найзағайы» деген лақап атқа ие болған Елеусінов америкалық Алан Санчеспен жұдырықтасып, нокаутпен жеңіске жетті. Қос қарсылас Дэниел Джейкобс (35-3, 29 КО) пен кіші Хулио Сезар Чавес арасындағы жекпе-жектің андеркардында жұдырықтасты.

Алан Санчес осыған дейін 20 жекпе-жек өткізіп, оның төртеуінде жеңіліс тапса, қарсыластарын он рет нокаутқа түсіріпті.

Ал Данияр кәсіпқой рингтегі 9-ншы жеңісіне қол жеткізсе, оның бесеуін нокаутпен жеңген. Сонысымен де жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшылардың қатарында жүр.