Беларусь маманы Александр Седнев «Ақтөбені» командасының бас бапкері болып қала беретін сыңайлы. Ол баптаған ақтөбеліктер 2019 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының ең соңғы орнына ие болып, Бірінші лигаға жолдама алған болатын, деп жазады Prosports.kz.

Бұдан бұрын БАҚ өкілдері Седневтың брестік «Рух» командасымен келісімшартқа отыратыны жайлы қауесет таратқан болатын.

Беларусьтік Pressball.by порталының мәліметінше, Седневке «Ақтөбені» премьер-лигаға алып шығу міндеті жүктеледі.