Қазақстан әйелдер командасы Токио Олимпиадасына іріктеу турниріне дайындалу мақсатында Түркияға оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Оқу-жаттығу жиыны 19-29 желтоқсан күндер аралығында өтеді. Жаттығу кезінде біздің құрамасы бірнеше жолдастық матчқа қатысады.

Қазақстан Әзірбайжан құрамасымен, түріктің «Бешикташ», «Галатасарай», «Фенербахче» және «Түрік Хава Йоллары» клубтарымен жолдастық кездесу өткізеді.