21 желтоқсан күні Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (8-0, 4 КО) кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жекпе-жегін өткізеді.

«Қазақ найзағайы» АҚШ-тың Финикс қаласында өтетін бокс кешінде америкалық Алан Санчеспен (20-4-1, 10 КО) жұдырықтасады.

Жекпе-жек он раундқа жоспарланған. Кездесуді «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетеді.

Елеусінов – Санчес жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақытымен 06:00-де басталады. Кездесуді мына СІЛТЕМЕ бойынша көре аласыздар.