Нұр-Сұлтан қаласында өткен Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының халықаралық конгресінде белгілі меценат, спорт жанашыры Дулат Тастекеев Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының вице-президенті болып тағайындалды.

"Мені қатарларына қосып жатқан федерацияға алғысымды білдіремін. Төл күресімізге бей-жай қарай алмаймыз, оның жандануына, әлемге танылуына бар күшімізді салуымыз керек", -деді Д.Тастекеев.

Дулат Тастекеевті көпшілік боксшы Жәнібек Әлімханұлының, дзюдошы Ерасыл Қажыбаев, Мадияр Сембаев секілді спортшылардың демеушісі ретінде жақсы таниды.