20 желтоқсанда Архангельскіде жастар арасында допты хоккейден әлем чемпионаты басталады. Турнирге Ресей, Швеция, Финляндия мен Қазақстан қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Архангельскіде Қазақстан құрамасының намысын мына ойыншылар қорғайды:

Қақпашылар: Бержан Ахметжанов, Бекзат Мағалимов, Илья Журавлев.

Қорғаушылар: Аким Черноусов, Батырбек Қамбар, Нұрбол Бөкешов.

Жартылай қорғаушылар: Даниил Копосов, Ершат Амангелдиев, Александр Злобин, Дмитрий Колесников, Елжас Дәулетбаев, Дәурен Оралов, Станислав Павлов, Валерий Сергиенко.

Шабуылшылар: Андрей Гущин, Асланбек Сандыбаев.

Қазақстан құрамасының кестесі: (Нұр-Сұлтан уақытымен)

20 желтоқсан. Швеция – Қазақстан. 15:00

20 желтоқсан. Қазақстан– Финляндия. 20:00

21 желтоқсан. Ресей– Қазақстан. 14:00

21 желтоқсан. 1-жартылай финал. 20:00

21 желтоқсан. 2-жартылай финал. 22:00

22 желтоқсан. 3-орын үшін матч. 16:00

22 желтоқсан. Финал. 19:00