Алматылық «Қайрат» пен талдықорғандық «Жетісу» арасында өткен футзалдан 2019 жылғы Қазақстан Кубогының финалының алдында жылдың үздік төрешісі марапатталды.

2018/19 жылғы маусымның үздік төрешісі атағын Талғат Қосмұхамбетов алды. Жүлдені ҚФФ бұқаралық футбол департаментінің директоры Ерлан Жамантаев табыстады.

Айта кетерлігі, Талғат Қосмұхамбетов бұл жүлдені қатарынан төртінші жыл алып отыр.