УЕФА өз туиттерінде Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде өнер көрсететін 32 команда ойнайтын допты көрсетті. Футбол добы турнир түстерімен жасалған.

Сондай-ақ, допта Еуропа лигасының финалы өтетін Гданьсктегі (Польша) стадион бейнеленген.

Еске сала кетейік, турнирдің топтық кезеңіне Қазақстан чемпионы «Астана» ФК қатысқан. «L» тобында ағылшындық «Манчестер Юнайтед», голландтық «АЗ Алкмааром» және сербиялық «Партизанмен» кездескен қазақстандық клуб небәрі бір жеңіске жетіп, соңғы орынмен ойынды аяқтаған болатын.

Еуропа лигасының плей-офф кезеңінің алғашқы матчтары 2020 жылдың 20 ақпанында, қарымта кездесулері 27 ақпанда болады. Турнир финалы 27 мамырда Гданьскте өтеді.