«Атырау» футбол клубының қорғаушсы Қуаныш Қалмұратов келесі маусымда команда сапында қалмайды.

Отандық ақпарат құралдарының жазуынша, 23 жастағы қорғаушыға Премьер лигада бақ сынайтын бірнеше команда қызығушылық танытып отыр.

Айта кетейік, Қуаныш Қалмұратов Атырау футболының тәрбиеленушісі. Туған командасы сапында төрт жылдан бері Премьер лигада өнер көрсетіп келеді. ҚПЛ-дегі дебютін 2015 жылы 15 сәуірде Талдықорған қаласында «Жетісумен» ойында (2:1) өткізген. «Атырау» сапында 93 матч өткізіп, 3 гол соққан.