14-15 желтоқсанда Мәскеуде стритлифтинг және оның жеке түрлері бойынша Еуропа чемпионаты өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирге Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина, Чехия, Эстония, Алжир, Бельгия, Италия, Польша, Испания және Ұлыбритания елдерінен 195 спортшы қатысты.

Турнирде Қазақстан атынан жеті спортшы қатысты. Ильдар Ягяев 75 келі салмақта үш алтын медель жеңіп алды. Классикалық стритлифтинг, кеуде көтеру және турникке тартылу.