Керлингтен Қазақстан ерлер құрамасы жастар арасындағы әлем чемпионатында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Лохьяда (Финляндия) өтіп жатқан турнирде біздің команда В дивизионында Австрия құрамасына қарсы ойнады. Кездесу 7:6 есебімен Қазақстан спортшыларының пайдасына аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, біздің команда В дивизионында Қытай, Финляндия, Швеция, Венгрия, Чехия және Франциямен бірге өнер көрсетуде