Италиялық «Милан» футбол клубының құрылғанына 120 жыл толды. 1899 жылдың 16 желтоқсанында пайда болған команда Еуропаның атақты клубтарының бірі саналады, деп жазады Prosports.kz.

«Миланның» негізін қалаған британиялық Альфред Эдвардс екенін бірі білсе, бірі білмейді. «Милан» — халықаралық жүлделерді ең көп ұтқан италиялық клуб. Сондай-ақ Италияның 18 дүркін жеңімпазы, Италия кубогына бес мәрте ие болып, Суперкубокты 7 рет ұтқан.

Халықаралық аренада Чемпиондар лигасын 7 мәрте жеңіп алған.