Белгілі футбол агенті Алексей Сафонов «Рубин» футбол клубының бас бапкері Роман Шароновтың қызметінен кетуі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап.

«Таңғажайып ештеңе болмады. Шаронов негізгі құрам түгілі, дубльмен де жетістікке жеткен жоқ.

Менің ойымша, дәл қазір «Рубин» Юрий Уткульбаевты бас бапкер етіп тағайындаса, сол қисынды болар еді. Бұл маман аса тәжірибелі және нәтижеге тез жетеді. Мәселен ҰФЛ-дың басты жаңалығына айналған «Нефтехимикті қараңызшы! Ол Қазақстанда да, қазандық команданың дублінде де жемісті еңбек етті. Ұлттық құрамаға ілінген Қазан ойыншыларының көбі Уткульбаевтың дублінен шыққан», дейді Сафонов.

Еске сала кетелік, Юрий Уткульбаев 2016 жылы «Ақтөбенің» бас бапкері болған еді.