Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайында Тәуелсіздіктің 28 жылдығына орайластырылған бокс кеші өтіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Тағы бір қазақстандық боксшы Абай Төлеш чехиялық былғары қолғап шебері Томас Безводадан басым түсті.

Алты раундтық кездесуде Төлештің басымдығы анық байқалып тұрды. Алғашқы раундта қарсыласының аңысын аңдыған ол бірте-бірте шабуылды үдете отырып, Безводаның жарыиып соққы жасауына еш мүмкіндік бермеді. 5-раунда чехиялықты нокдаунға түсірген Абай, соңғы раундта қиналмай жүріп жұдырықтасты. Орта салмақта өткен кездесуде Абай Төлеш айқын басымдық танытты.

Айта кетелік, Томас Безвода осымен 11-нші рет жеңіліске ұшырап отыр.