Алматы қаласында Балуан Шолақ спорт кешенінде Тәуелсіздік күніне арналған бокс кеші өтуде, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Нұртас Әжбенов (7-0, 3 КО) шаршы алаң төрінде филиппиндік Лэнди Крис Леонге (13-5-20, 6 КО) қарсы өнер көрсетті. Кездесу барысында боксшылар бір-бірінің осал тұсын таба алмады десек болады. Толық алты раундтан тұрған жекпе-жекте отандасымыз Нұртас Әжбенов төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Бұл Нұртастың кәсіпқой бокстағы сегізінші жеңісі.