Қазақстандық дизайнер Maxsiz9 қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедовты (11-0, 10 КО) Mortal Kombat ойынындағы кейіпкерге айналдырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Садриддин өзінің инстаграм әлеуметтік желісінде танымал ойын кейіпкері Джакстың рөліндегі суретін жариялады.

Естеріңізге салатын болсақ Садриддин Ахмедов соңғы жекпе-жегін 7 желтоқсан күні өткізіп, жетінші раундта аргентиналық боксшы Хосе Антонио Вильялобасаны(12-6-2, 7 КО) нокаутқа жіберген болатын.