«Тобылдың» бас бапкері маусымаралық жоспарлар мен құрамдағы өзгерістер туралы айтып берді, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. - Григорий Константинович, команда алдағы маусымға қалай дайындалатын болады? Оқу-жаттығу жиындары қайта өтеді?- Команда 7 қаңтарда Дубайда жиналады. Мұнда алдағы маусымға дайындықтың физикалық кезеңін бастаймыз. Екінші жиын, дәстүр бойынша, Түркияда өтеді және алаңдағы жұмыстарға назар аударамыз.- Алаңның қай шебі күшейтуді қажет етеді?- Негізі барлық позицияны күшейту керек. Қазір үлкен селекциялық жұмыс жүріп жатыр. Әзірге аты-жөнін атауға ерте, бірақ команданы күшейтер деген үміткерлердің тізімі бар.- Осы маусымаралық үзілісте «Тобылды» толықтырғандар бар ма?- Қазақстан ұлттық құрамасына кандидат Асланбек Кәкімов, Александр Марочкин және Оралхан Өміртаевпен келісімшартқа қол қойылды. Бұлардың бәрі білікті орындаушылар, бірақ алдағы уақытта алаңдағы еңбегіне қарап саралаймыз.- Жанкүйерлерді келесі маусымда қандай футбол ойнайтындарыңыз қызықтырады.- Мұны футболшылардың өздеріне қарап бағамдаймыз. Нәтиже әкелетін футбол ойнаймыз деп ойлаймын.Тек бір айтарым, команданың негізгі міндеті тәртіпті сақтау болады. Сонда ғана айтарлықтай жетістіктерге жетеміз.- Жаңа маусымға жаңа міндеттер қойылды ма?- «Тобыл» соңғы жылдары тек биік мақсаттар қойып жүр, сол үрдіс биыл да жалғасады. Барлығы маусым басында, облыс әкімімен кездесу кезінде белгілі болады. Нақты тапсырмалар сонда беріледі.