Ағылшын Премьер-лигасы 17-турының орталық матчында лондондық «Арсенал» өз алаңында «Манчестер Ситиден» ірі есеппен жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Матчтағы үш гол да үзіліске дейін соғылды. Кевин Де Брейне командасының бірінші және үшінші голын соқты. Тағы бір голды Рахим Стерлинг өз еншісіне жазды.

АПЛ. 17-тур

«Арсенал» - «Манчестер Сити» - 0:3 (0:3)

Голдар: Де Брейне 2 (0:1), Стерлинг 15 (0:2), Де Брейне 40 (0:3)