Қазақ елінің әнұраны да чехтарға Швецияға қарсы финалдық матчта көмектесе алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Трек крунур» хоккейшілері Бірінші канал кубогының екінші кезеңін жеңіп алды.

Үшінші турда шведтер Чехия құрамасын 3: 1 есебімен жеңді.

Айта кетейік, финалдық матч алдында ұйымдастырушылар қателесіп Чехия әнұранын орнына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын қойған еді.