UFC компаниясы UFC 245 турниріндегі ең үздік сәттерді жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақ дәрежесіндегі чемпион (77 келі) Камару Усман бесінші раундта Колби Ковингтонды нокаутпен жеңіп, өз титулын қорғады.

Екінші маңызды жекпе-жекте Макс Холлоуэй жартылай жеңіл салмақтағы чемпиондық атағын (66 келі) Александр Волкановскиге беріп қойды. Жекпе-жек аяғына дейін созылып, австралиялық спортшы төрешілер шешімімен жеңді.

Басты кардты үшінші жекпе-жегінде екі салмақ дәрежесінде чемпион Аманда Нунес төрешілер шешімімен Джермен де Рандамиді жеңіп, белбеулерін қорғап қалды.