Ағылшындық «Ливерпуль» Чемпиондар лигасының жеңімпазы ретінде Қатарда өтетін клубтар арасындағы әлем чемпионатына аттанды, деп жазады Prosports.kz.

Команданың бас бапкері Юрген Клопп турнирге негізгі құрамын ертіп барады.

Қақпашылар: Алиссон, Адриан, ЛонерганҚорғаушылар: ван Дейк, Гомес, Робертсон, Александр-Арнольд, УильямсЖартылай қорғаушылар: Вейналдум, Милнер, Кейта, Хендерсон, Окслейд-Чемберлен, Лаллана, Шакири, ДжонсШабуылшылар: Фирмино, Мане, Салах, Ориги

АЛиверпульдіктер жартылай финалда мексикалық «Монтереймен» кездеседі.