Лас-Вегаста (АҚШ) аралас жекпе-жектен UFC 245 турнирі өтті, оның басты оқиғасы америкалықтар Камару Усман (15-1) және Колби Ковингтон (15-1) арасындағы жекпе-жек болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай орта салмақтағы титулды жекпе-жек жоспарланға бес раундқа созылмады. Соңғы раундтың аяқталуына 50 секунд қалған кезде Усман қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

Мансабындағы 16 жеңісін тойлаған Камара Усман UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы атағын қорғап қала алды. Колби болса, 2015 жылдан бері алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татты.