Ресейлік этникалық қазақ Ілияс Хамзин (4-1) RCC 7 турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz. Екатеринбургте (Ресей) Хамзин қырғызстандық Улыкбек Окановпен (8-3) кездесті. Жекпе-жек үш раундқа созылып, төрешілер шешімімен Хамзин жеңіске жетті.