Қытайда өтіп жатқан фристайл могулдан әлем кубогының ерлер арасындағы екінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кезеңде қазақстандық Дмитрий Рейхерд жақсы нәтижеге қол жеткізді. Ол алғашқы финалында 79 ұпай жинап, супер финалға жолдама алды. Ал Супер финалда ол одан да жақсы нәтиже көрсетті - 80,8 ұпай. Бірақ бұл алтыншы орын алуға ғана жеткілікті болды.

Могул-фристайл. Әлем кубогы. Тайву (Қытай). Ерлер

1. Икума Хирошима (Япония) – 86,9

2. Микаэл Кингсбери (Канада) – 86,3

3. Бенжамен Каве (Франция) – 83,3

6. Дмитрий Рехерд (Қазақстан) – 80,8

19. Павел Колмаков (Қазақстан) – 73,2

31. Сергей Романов (Қазақстан) – 69,0

34. Александр Геберт (Қазақстан) – 64,4